Қасым-Жомарт Тоқаев: МӘМС қоры мен «СК Фармация» басшылары жұмыстан шығарылсын

Қасым-Жомарт Тоқаев: МӘМС қоры мен «СК Фармация» басшылары жұмыстан шығарылсын

Қасым-Жомарт Тоқаев: МӘМС қоры мен «СК Фармация» басшылары жұмыстан шығарылсын

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев МӘМС қоры мен «СК Фармация» басшыларын жұмыстан шығаруды тапсырды, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

«Туындаған қиындыққа кінәлілердің бәріне қатысты тергеу жүргізу керек. Жауапкершілікке тартқан дұрыс. МӘМС қоры мен «СК Фармация» басшылары жұмыстан шығарылсын. Керек болса тергеу жүргізген жөн», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Еске сала кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы бейне байланыс жүйесі арқылы болып жатыр. Жиында Үкімет 2020 жылдың алғашқы жарты жылдығындағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы есеп беруде. Сондай-ақ коронавирусқа қарсы күреске қатысты қабылданған шаралар, Мемлекет басшысының Үкіметтің алдағы уақытта атқаратын жұмысының негізгі бағыттары бойынша берген тапсырмалары мен міндеттері қарастырылады.

https://www.inform.kz/kz/kasym-zhomart-tokaev-mams-kory-men-sk-farmaciya-basshylary-zhumystan-shygarylsyn_a3671247

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *