Біртановтың денсаулығы жақсарды
Біртановтың денсаулығы жақсарды
Сурет: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов
Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың жағдайы туралы айтты, — деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісі.
«Елжан Аманбайұлы (Біртанов) инфекциялық стационардан шығып, қазір амбулаторияда емін жалғастырып жатыр», — деді денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният ОКҚ брифингінде.
Еске салайық, 14 маусымда бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус жұқтырғанын хабарлаған болатын. Диагнозы — пневмония.