Түркістан облысында көршісін кірпішпен ұрып өлтірген күдікті ұсталды

Түркістан облысында көршісін кірпішпен ұрып өлтірген күдікті ұсталды

Түркістан облысында көршісін кірпішпен ұрып өлтірген күдікті ұсталды

Түркістан облысының Ордабасы ауданында кісі өлімі болды, деп хабарлады ҚазАқпарат облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ордабасы АПБ кезекші бөліміне «102» телефоны арқылы жергілікті тұрғыннан Шұбар ауылындағы құрылысы толық аяқталмаған үйдің ішінде ер адамның мәйіті жатқаны туралы хабарлама түскен. Хабарлама бойынша полицейлер шұғыл әрекет етіп, Ордабасы АПБ бастығы, полиция подполковнигі Ғалымжан Қуашбаев және жедел тергеу тобы оқиға орнына жетті.

Тәртіп сақшылары жәбірленуші жарақатына қарап, оның өліміне басынан алған соққысы себеп болуы мүмкін екенін анықтады. Кейіннен бұл нұсқаны сараптама қорытындысы да растады. Аталған жайт ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлімімен тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Ауыр қылмысты ашу мақсатында Түркістан облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының тәжірибелі жедел уәкілдері және Ордабасы АПБ жеке құрам қызметкерлерінен арнайы топ құрылды. Жедел уәкілдер аулаларды аралап, өлген адамның кім екенін анықтады. Ол жұмыссыз жергілікті тұрғын болып шықты.

Одан әрі жедел топ жәбірленушінің таныстар шеңберін құрып, мұқият зерттей бастады. Көрген-білгендерден жауап алды. Осындай іс-шаралардың арқасында полицейлер күдіктінің ізіне түсті. Содан оны полиция қызметкерлері Арыс қаласында қарауылдық жұмысында жүрген жерінен анықтап ұстады. Күдікті қаза тапқан адамның көршісі болып шықты.

Тергеу барысында күдікті танысы әрі көршісімен Шұбарсу ауылындағы толық бітпеген үйде бірге спирттік ішімдік ішкенін айтып берді. Сол сәтте араларында жанжал шығып, сөзге келіспей қалған олар төбелескен. Оқиға кезінде ер адам көршісінің басынан кірпішпен ұрғанын мойындады. Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Сараптама тағайындалды, Полицейлер оқиғаның толық мән-жайын анықтауда. Күдікті қамауға алынды.

https://www.inform.kz/kz/turkistan-oblysynda-korshisin-kirpishpen-uryp-oltirgen-kudikti-ustaldy_a3668692

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *