Түркістанда өгей әкесі қызын үш жыл бойы зорлап келген
Түркістанда өгей әкесі қызын үш жыл бойы зорлап келген
Түркістанда өгей әкесі қызын үш жыл бойы зорлап келген, — деп хабарлады6деп жазды kaz.tengrinews.kz Otyrar.kz.-ға сілтеме жасап.
Сайт мәліметінше, бұл туралы 14 жастағы қыздың өзі айтқан. Оның айтуынша, биологиялық әкесі 20 маусымда полицияға арыз жазған. Бірақ баланың жағдайына психологтардан басқа ешкім қызығушылық танытпаған.
14 жастағы қыздың айтуынша, оның анасы да өгей әкесінің әрекетінен хабардар болған. Бұл жайтты айтуға қыз бала қатты қорыққан, себебі оның тағдырын өгей сіңлісі қайталауы мүмкін екен.
«Мен тек шындықты қалаймын! Мен өзімді ойлап тұрған жоқпын, сіңлімді уайымдаймын, себебі ол енді өсіп келе жатыр», — дейді жәбірленуші.
Сайт журналистері жәбірленушінің анасы мен өгей әкесімен сөйлеспек болған. Алайда анасы пікір беруден бас тартөан, ал әкесі үйде болмаған. Ал Полиция департаменті арыз қабылданғанын айтады.
Полиция департаменті арыз 22 маусымда Түркістан полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімі қабылданып, тіркелгенін және ҚР Қылмыстық кодексі 121-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Іс бойынша күдікті жәбірленушінің өгей әкесі. Бірқатар сараптама тағайындалып, олардың нәтижелері бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданатын болады. Бірқатар сараптама жүргізіліп жатыр.