Қайғылы оқиға болған Аягөздегі интернатта коронавирус табылды
Қайғылы оқиға болған Аягөздегі интернатта коронавирус табылды
© AFP 2019 / KOEN VAN WEEL
Шенеуніктердің сөзіне қарағанда, коронавирустық инфекцияны балалар алып келген. Біреуі демалыста ата-анасымен бірге болса, екіншісі Өскемен қаласына барып келген
Шығыс Қазақстан облысының Аягөз қаласындағы интернетта коронавирус табылды. Ал мамыр айында осы мекемеде төрт бірдей бала қызылшадан қайтыс болған еді, деп хабарлады Sputnik кз«Еуразия Бірінші арнасы«-на сілтеме жасап. .
Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Жасұлан Сәрсебаевтың айтуынша, коронавирус инфекциясын жұқтырған балалар интернаттан тыс жерде болған.
«Балалардың біреуі демалыс кезінде ата-атасымен бірге болған. Ал екінші бала Өскемен қаласындағы психикалық денсаулық орталығында жатып келген. Екеуі де үлкен топтың балалары. Бұл паллиативті топ емес. Осы балалармен қарым-қатынаста болған тәрбиешілер мен күтушілер мекемеден тыс жерде оқшауланып отыр», — дейді Сәрсебаев.
Ал мамыр айында болған жағдай бойынша тергеу шаралары әлі аяқталған жоқ. Оны балалар құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Аружан Саин қадағалап отыр. Осы істі ішкі істер минстрлігі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі жеке бақылауға алды.
Интернаттағы балалар өлімі
18 мамырда Аягөз қаласындағы психоневрологиялық патологиясы бар балаларға арналған интернат тәрбиеленушілері қызылшадан қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады. Ондаған бала инфекциялық ауруханаға түскен. Бірнеше балада ішек инфекциясы анықталып, төртеуі қайтыс болды.
Екі күннен кейін шенеуніктер тергеудің нәтижесін жариялады. Оған сәйкес, төрт баланың туа біткен аурулары асқынып, сәуір айында әртүрлі уақытта қайтыс болған. Мәселен, 2008 жылы туған бала 2 сәуірде қайтыс болса, одан бір жас кіші тағы бір ер бала 11 сәуірде көз жұмды. 20 сәуірде 2006 жылғы бала, ал 29 сәуірде 2012 жылы туған қыз қайтыс болды. Төртеуінен де ата-анасы бас тартқан.
Аягөз облыс орталығы – Өскемен қаласынан 310 шақырым шалғай жерде орналасқан. Балалар омбудсмені Аружан Саинның айтуынша, мекеме алыс орналасқаннан кейін қоғам белсенділері үшін оны бақылап отыру қиын. Осыған байланысты омбудсмен шағын қалаларда орналасқан интернаттарды орталық қалаларға көшіруді талап ететінін мәлімдеді.
https://sputniknews.kz/regions/20200702/14374927/Ayagoz-internat-koronavirus.html