Елордада халық санағын жүргізуге қызметкерлерді іріктеу басталды
Елордада халық санағын жүргізуге қызметкерлерді іріктеу басталды
Елорданың Статистика департаменті ұлттық санақты жүргізу және дайындау бөліміне нұсқаушы-инспекторларды іріктеуге конкурс жариялады, деп хабарлады ҚазАқпарат қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
20 шілде мен 2 қыркүйек аралығында 23 нұсқаушы қажет. Барлық қатысушыларға қойылатын жалпы талаптар келесідей. Білімі: жоғары, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жалпы орта білім, жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптарсыз. Конкурсқа қатысуға тілек білдірушілер Нұр-Сұлтан қаласының Статистика департаментіне хабарласуларына болады. Нұр-Сұлтан қаласы, Байланыс телефоны: 8(7172) 32-87-61; 8(7172) 31-62-53. Резюме maa-309@mail.ru
https://www.inform.kz/kz/elordada-halyk-sanagyn-zhurgizuge-kyzmetkerlerdi-irikteu-bastaldy_a3668104