Назарбаев 5 қазанда Қазақстан халқына жолдауын жолдайды
Нұрсұлтан Назарбаев 5 қазанда Ақорда резиденциясында Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы Жолдауын жариялайды деп хабарлайды Ақорда.
Айта кетейік, елбасының жыл сайынғы дәстүрлі жолдауы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру міндеттеріне арналады.