Шымкент қаласының әкімі шетелдік дипломатиялық өкілдермен кездесті

Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов бірқатар елдердің дипломатиялық өкілдіктерінің басшыларымен кездесті. Оңтүстік Кореяның, Литва және Оңтүстік Африка Республикаларының дипломаттарымен кездесу барысында Шымкенттің Ұлы Жібек жолы бағытында ірі көлік хабы ретіндегі мүмкіндіктері талқыланды.

Сондай-ақ, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы, туризм, білім және денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері де көтерілді. Шаһар әкімі Шымкентте шетелдік инвесторлар үшін әрдайым ашық екенін атап өтті.

Қалада алдағы уақытта жаңа индустриялық аймақтар ашу жоспарланып отыр. Шетелдік инвесторларды жан-жақты қолдау үшін барлық жағдайлар жасалуда, әкімшілік кедергілер жойылып, қолайлы инвестициялық климат нығаюда.

 

Кездесу соңында тараптар екі жақты іс-қимылға және өзара тиімді жобаларды бірге іске асыруға белсенді қатысуға сенім білдірді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *