АҚШ коронавируске қарсы төрт вакцинаны сынайды
АҚШ коронавируске қарсы төрт вакцинаны сынайды
АҚШ-та коронавирус инфекциясына қарсы 4 вакцина клиникалық зерттеуден өтеді. Бұл туралы осы елдің Азық-түлік өнімдері мен дәрілік заттарды бақылау басқармасы мәлімдеді,деп хабарлады «24 кз»
Агенттік өкілдерінің айтуынша, қазір тағы 6 препарат зерттеліп жатыр. Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп COVID-19-ға қарсы вакцина осы жылдың аяғына дайын болады деп мәлімдеген еді. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының дерегіне сүйенсек, әлем бойынша қазір вакцинаның 200 түрі әзірленіп жатыр. Олардың 15-і адамдарға егілуде.
https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/406219-a-sh-koronaviruske-arsy-t-rt-vaktsinany-synajdy