ҚОСАН МАМЫТОВ АЛЛЕЯСЫ АШЫЛАДЫ

ҚОСАН МАМЫТОВ АЛЛЕЯСЫ АШЫЛАДЫ

Төлеби ауданы Зертас ауылдық округі Спатай Аңдас көшесінде Ұлы Отан соғысының батыры Қосан Мамытов атындағы аллеяның құрылысы жүргізілуде. Аллея жобасының жалпы құны 6 млн 300 мың теңгені құраса, оның 3 млн 500 теңгесі жергілікті бюджеттен бөлінсе, қалған 2 млн 800 мың теңгесі ауыл тұрғындары жинаған.

20 жасында Ұлы Отан соғысына аттанып, 1-ші Беларусь майданы 3-ші әскер 120-шы гвардиялық атқыштар дивизиясы 336-шы гвардиялық атқыштар полкінің пулеметшісі болған Қосан Мамытовтың ерлігін бүгінгі ұрпаққа дәріптеу мақсатында батырдың бюсті орнатылмақ. Бұған қоса, аллеяға фонтан, қонақтардың тынығып, демалуына орындықтар қойылады.

Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *