Қазақстандық дәрігерлер туған кезінде анасынан коронавирус жұқтырған 21 сәбиді емдеп жазды

Қазақстандық дәрігерлер туған кезінде анасынан коронавирус жұқтырған 21 сәбиді емдеп жазды

Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекованың айтуынша, 21 сәбидің бәрі де сауығып, ауруханадан шыққан, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

«Пандемия кезінде бүкіл республика бойынша 1085 жүкті әйел коронавирус жұқтырып алды. Оның 167-сі сәбиін дүниеге сау күйінде әкелді.

Ал анасынан коронавирус жұқтырып, өмірге келген сәбилердің саны 21 болды. Олардың бәрі жазылып, ауруханадан шығарылды», — деді Людмила Бюрабекова ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Еске сала кетсек Людмила Бюрабекова бұған дейін Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдарды емдеу хаттамасына жаңа схема енгізілгенін мәлім еткен еді.

https://www.inform.kz/kz/kazakstandyk-darigerler-tugan-kezinde-anasynan-koronavirus-zhuktyrgan-21-sabidi-emdep-zhazdy_a3667899

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *