Шымкент қаласының Полиция департаменті рейд жүргізді
Шымкент қаласының Полиция департаменті рейд жүргізді
Авторы polisia.kz
Шымкент қаласының Полиция департаменті Қаратау және Еңбекші ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері вирус таралуын болдырмау мақсатында рейд жүргізді, – деп хабарлады Polisia.kz.
Шымкент қаласында эпидемиологиялық жағдайға байланысты карантин шаралары күшейтілген болатын. Осыған байланысты 29 маусымында Шымкент қаласының Полиция департаменті Қаратау және Еңбекші ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері аудандар аумағында коронавирус инфекциясының алдын алу және таралуын болдырмау мақсатында рейд жүргізді. Аталған іс-шара барысында қаланың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің Қаулысының талаптарын бұзған адамдарға тиісті шара қолданылды. Атап айтқанда, шектелген уақыттан кейін жұмыс жасап жатқан орындар, оның ішінде техникалық қызмет көрсету станциясы, техникалық байқау орталығы, жеміс-жидек сату және құймалы балмұздақ сату орындары анықталып, оларға әкімшілік хаттамалар толтырылды.