ШЫМКЕНТТЕ КОРОНАВИРУСТАН ЖАЗЫЛЫП ШЫҚҚАНДАРДЫҢ САНЫ 705-КЕ ЖЕТТІ
ШЫМКЕНТТЕ КОРОНАВИРУСТАН ЖАЗЫЛЫП ШЫҚҚАНДАРДЫҢ САНЫ 705-КЕ ЖЕТТІ
Қазақстанда өткен тәулікте 1604 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
Өткен тәулік ішінде еліміздің 1604 азаматынан коронавирус инфекциясы табылған болса, оның 69-ы – Шымкент қаласының тұрғыны. Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
Соңғы тәуліктегі нәтиже бойынша аймақтарға тоқталсақ, Нұр-Сұлтан қаласы – 110, Алматы қаласы – 113, Ақмола облысы – 92, Ақтөбе облысы – 37, Алматы облысы – 98, Атырау облысы – 229, Шығыс Қазақстан облысы – 98, Жамбыл облысы – 48, Батыс Қазақстан облысы – 149, Қарағанды облысы – 191, Қостанай облысы – 32, Қызылорда облысы – 45, Маңғыстау облысы – 71, Павлодар облысы – 89, Солтүстік Қазақстан облысы – 81, Түркістан облысы – 52. Жалпы ел бойынша қазіргі таңда ауырғандар саны — 41 055.
Қосымша айта кетсек, Шымкент қаласы бойынша COVID-19″ инфекциясын жұқтырғандар саны бүгінде 3151-ге (+69) жетсе, жазылып шыққандар саны 705 адамды құрайды. Ал, індеттен қайтыс болғандар саны 15-ке жеткен.
Осыған байланысты, медицина мамандары қала тұрғындарына қатерлі індеттің әлі де қауіп төндіріп тұрғанын ескертеді. Сақтық шараларына салғырт қарамай, адамдар көп шоғырланатын орындардан аулақ болуын, қоғамдық көліктерде, дүкендер мен қоғамдық тағамдану орындарында бетперде киіп жүруге шақырады.