Теңіз кен орнында жұмыстың бір бөлігі тоқтатылды

Теңіз кен орнында жұмыстың бір бөлігі тоқтатылды

Фото: Tengizchevroil FacebookФото: Tengizchevroil Facebook

«Теңізшевройл» кен орнындағы кей жұмысты тоқтата тұруға мәжбүр болғанын жариялады, — деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz басылымына сілтеме жасап.

Басылымның хабарлауына қарағанда, «Теңізшевройл» (ТШО) әлеуметтік желіде тарап жатқан «Тоқтату туралы» бұйрықтың шын және ТШО жұмысшыларына қатысты екенін растады. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметіндегілер мәлімдеді.

Бұған дейін Ақтау тұрғындары әлеуметтік желілерде «Теңізшевройл» ЖШС компаниясының бұйрығын тарата бастады.

Компанияның баспасөз қызметіндегілер ТШО COVID-19 пандемиясына қарсы іс-қимыл аясында кейбір жобаны уақытша тоқтатқанын мәлімдеді.

«ТШО-ның жұмысы уақытша тоқтатылған жобаларындағы қызметкерлер ұжымдық шарт және еңбек заңнамасына сәйкес жалақысын алады. Бүгінде бұл бұйрық компанияның сегіз пайызға жуық қызметкеріне қатысты болып отыр», — деді баспасөз қызметіндегілер.

Компанияның дерегіне қарағанда, қазір ТШО қызметі бұрынғыдай үздіксіз жұмыс істеп жатыр.

Бұған дейін Теңіз мұнайшыларының вахталық мерзімін екі есе: 14 және 28 күннің орнына, 28 және 56 күнге ұзартылғаны хабарланды.

https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/tenz-ken-ornyinda-jumyistyin-br-bolg-toktatyildyi-310129/

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *