Моңғолияда карантин 15 шілдеге дейін созылды
Моңғолияда карантин 15 шілдеге дейін созылды
Моңғолияда карантин шаралары 15 шілдеге дейін жалғасады, деп хабарлады ҚазАқпарат Montsame агенттігіне сілтеме жасап.
Елде коронавирус инфекциясының таралуына жол бермес үшін кеше, 30 маусымда Мемлекеттік төтенше жағдай комиссиясы карантин мерзімін 15 шілдеге дейін ұзарту жөніндек шешім қабылдады.
Ұланбатыр қаласы әкімінің орынбасары Ж. Батбаясгаланның айтуынша, қалада көпшілік іс-шараларды, демонстрация өткізуге тыйым салынған.
Бар, ойын-сауық мекемелері мен ойын алаңдарының жұмысы тоқтап тұр. Ал балалардың ойын орталықтары мен кинотеатрлар ерекше талаптарды сақтай отырып қана қызмет көрсетеді.
https://www.inform.kz/kz/mongoliyada-karantin-15-shildege-deyin-sozyldy_a3667826