Қытайда шошқа тұмауының жаңа штаммы анықталды
Қытайда шошқа тұмауының жаңа штаммы анықталды
Қытайда шошқа тұмауының жаңа штаммы анықталды, — деп хабарлады kaz.tengrinews.kz ScienceAlert,- ке сілтеме жасап.
Жаңа штаммға G4 атауы берілді. Ол 2009 жылы пандемияның пайда болуына әсер еткен H1N1 вирусының генетикалық ұрпағы делінеді.
Антиденелерге арналған тест нәтижелері бойынша, ет комбинатында жұмыс істейтін он қызметкердің бірі жаңа штамм жұқтырған. Тестілер Қытай халқының 4,4 пайызы вирусқа жұқтырғанын көрсеткен. Осылайша ғалымдар вирус жануарлардан адамға жеткенін дәлелдеді.
Енді зерттеушілер вирус одан әрі мутацияланады деп қорқып отыр. Сондай-ақ, оның халық арасында жаңа пандемияның тарауына әсер етуі мүмкін деген қауіп бар екені айтылады.
https://kaz.tengrinews.kz/world_news/kyitayda-shoshka-tumauyinyin-jana-shtammyi-anyiktaldyi-310100/