Шымкентте 171 оқушы ҰБТ-ға жіберілмеді
Шымкентте 171 оқушы ҰБТ-ға жіберілмеді
Шымкентте 171 оқушы сынақ тәртібін өрескел бұзғаны үшін Ұлттық бірыңғай тестілеуге жіберілмеді. Бұл туралы қалалық Білім басқармасы мәлімдеді, — деп хабарлады «Хабар 24» телеарнасы.
Сонымен қатар, телеарна мәліметінше, 51 түлектің тест қорытындысы жойылды. Жалпы 222 оқушы тест ережесіне бағынбаған. Олар сынақ барысында рұқсат етілмеген заттарды пайдаланған. Алайда оларға әлі де бір мүмкіндік бар.
Еске салайық, биыл Қазақстанда ҰБТ 21 маусымда басталды. Бірінші күні емтиханды тек 6,5 мың талапкер тапсырған.
https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/shyimkentte-171-okushyi-ubt-ga-jberlmed-310044/