Нұр-Сұлтанда аурухана инфекциялық стационарға берілді

Нұр-Сұлтанда аурухана инфекциялық стационарға берілді

Нұр-Сұлтанда № 1 көпбейінді қалалық аурухана инфекциялық стационар ретінде пайдаланылып жатыр. Бұл туралы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова айтты, — деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісі.

«Үлкендерге де, балаларға да шұғыл медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Қалалық көпбейінді ауруханада гематологиялық, токсикологиялық, неврологиялық бөлімдер ашылды. Себебі № 1 көпбейінді қалалық аурухана инфекциялық және профизорлық стационар ретінде пайдаланылып жатыр», — деді Қисықова ОКҚ онлайн-брифингте.

Оның айтуынша, жарақат не күйік шалғанда Ұлттық травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтына жүгінуге болады. Ал онкологиясы бар науқастарға Көпбейінді медициналық орталық көмек көрсетеді.

«Жүкті әйелдерді қаланың екі перинаталдық орталығы қабылдайды. Ал коронавирус жұқтырған жүкті әйелдер № 2 Перинаталдық орталыққа барады. Сондай-ақ № 1 және № 2 көпбейінді балалар стационарлары штаттық режимде жұмыс істеп тұр», — деп түйіндеді сөзін басқарма басшысы.

https://kaz.tengrinews.kz/densaulyq/nur-sultanda-auruhana-infektsiyalyik-statsionarga-berld-309917/

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *