Қазақстан — Қытай шекарасы жабылды

Қазақстан — Қытай шекарасы жабылды

Қазақстан — Қытай шекарасы 25 маусымда жабылды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі айтты, — деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісі.

ҰҚК мәліметінше, шекара Қытайдағы айдаһар-қайықтар мерекесіне байланысты жабылды. Мұның жыл сайынғы тәжірибе екені айтылады: екі ел арасында «Қазақстан-Қытай шекарасы арқылы өткізу пункттері туралы» 4-бапта жазылған келісім жасалды.

Комитеттегілердің айтуынша, 26 маусымда шекараның қайта ашылады.

Айта кетейік, Қытайда бұл күні түрлі-түсті қайықтармен есуден жарыстар ұйымдастырылады. Мереке ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұрасының тізіміне енген.

https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/kazakstan-kyitay-shekarasyi-jabyildyi-309914/

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *