Екі қылмыстық топ ұсталды: ҰҚК күдіктілерден бірнеше қару тәркіледі

Екі қылмыстық топ ұсталды: ҰҚК күдіктілерден бірнеше қару тәркіледі

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері Алматы мен Алматы облысында операция жүргізіп, екі қылмыстық топты ұстады — деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісі.

27 мамырда ҰҚК ІІМ-мен бірлесіп, Алматыда және Алматы облысында жүргізген арнайы операция нәтижесінде екі қарсы тұрушы ҰҚТ-ның құқыққа қайшы әрекетінің жолын кескен болатын.

«Фигуранттардың тұрғылықты жерлері бойынша тінту іс-шаралары барысында 11 бірлік әртүрлі қару түрі мен 200-ден артық оқ-дәрілер алынды. Ұсталған топтарға қатысушылар сотқа дейінгі тергеп-тексеру процесінде кінәсін мойындады», — делінген хабарламада.

Нәтижесінде, 2020 жылғы 1 маусымда Алматы облысының Талдықорған қаласы мен Ескелді ауданында патрондары бар «Калашников» автоматы, «Сайга-410» қылмыстық кесінді карабині және келте аңшы мылтығы табылып алынды.

Комитет мәліметінше, жедел-тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр.

https://kaz.tengrinews.kz/crime/ek-kyilmyistyik-top-ustaldyi-ukk-kudktlerden-brneshe-karu-309343/

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *