Индонезиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар арасында қазақстандықтар жоқ
Сыртқы істер министрлігі Индонезияда қаза тапқандар арасында қазақстандықтардың жоқ екенін мәлімдеді деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ.
800-ден аса адам табиғи апаттың құрбанына айналған болатын.
Нұрсұлтан Назарбаев Индонезия Республикасының Сулавеси аралында болған жер сілкінісі мен цунами салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны және зардап шеккені туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.
«Достас Индонезия халқының орны толмас қайғысына ортақтасып, Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан Сізге және апат құрбандарының отбасылары мен туыстарына көңіл айтамын.
Зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектестік білдіремін», – делінген жеделхатта.
Қазіргі мәліметтер бойынша, апат уақытында Индонезия аймағында қазақстандықтар болмаған.
Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта ұлттық агенттіктің қызметкерлері Индонезиямен тығыз байланыста.