Бурабай мен Зерендіде уақытша блок-бекеттер қойылады
Бурабай мен Зерендіде уақытша блок-бекеттер қойылады
Қазіргі уақытта Бурабай мен Зеренді аймағында жүрген туристер өз демалысын жалғастырып, санитарлық талаптарды сақтауы тиіс.
Ішкі саясат департаментінің мәліметінше, Бурабай мен Зеренді елордаға жақын орналасқан санаторий-курорттық орындар болғандықтан, демалыс күндері демалушыларды қабылдамайды.
Жергілікті Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының хабарлауынша, 19 маусымда сағат 18: 00-ден бастап осы демалыс орындарының кіре берістеріне 9 блок-бекет орнатылады.
Щучинск — Бурабай курорттық аймағында 6 блок-бекет жұмыс істейді. Демалыс күндерін өткізгісі келетіндердің саны аптаның соңында күрт артады. Негізінен, Нұр-Сұлтан мен Көкшетаудан демалғысы келетін адамдар бізге келеді. Біз демалушыларды шектеу бойынша қабылданған шараларға түсіністікпен қарауға шақырамыз және осы күндері Бурабайға сапар шегуден бас тартуды сұраймыз, — деді басқарма бастығы Серәлі Жолдасбаев.
Тағы бір туристік аймақ — Зерендіде 3 блок-бекет қойылады. Алайда, қазіргі уақытта Бурабай мен Зеренді аймағында жүрген туристер өз демалысын жалғастырып, санитарлық талаптарды сақтауы тиіс. https://kaz.zakon.kz/5028286-burabay-men-zerend-de-ua-ytsha-blok.html