ШҚО-да құйынды дауылдан 7 адам зардап шекті

ШҚО-да құйынды дауылдан 7 адам зардап шекті

ШҚО-да құйынды дауылдан 7 адам зардап шекті

Шығыс Қазақстан облысының Аягөз қаласында қатты желдің салдарынан 7 адам зардап шекті, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, секундына 28 метр жылдамдықпен соққан жел ғимараттар мен тұрғын үйлердің шатырын ұшырып әкеткен.

Нақты айтқанда, екіқабатты 19 тұрғын үй, 72 жер үй, 4 мектеп, балабақша мен орталық аудандық аурухананың шатырына зақым келді.

«Ағаштардың құлауына байланысты электр желілері үзіліп, 9138 абонент жарықсыз қалған. Оқиға орнында «ШҚ АЭК»-ның 5 жедел бригадасы жұмыс істеуде», — делінген хабарламада.

Сонымен қатар құлаған бұталар мен сынған әйнектерден жарақат алған 7 адам қалалық ауруханаға жеткізілген.

Оның ішінде 6 адамға медициналық көмек көрсетіліп үйлеріне қайтарылса, біреуі ауруханаға жатқызылды.

Қазірде жергілікті атқарушы орган өкілдерінен құралған комиссия желдің нақты қанша ғимаратқа залал келтіргенін анықтау үстінде.

 


https://www.inform.kz/kz/shko-da-kuyyndy-dauyldan-7-adam-zardap-shekti_a3662644

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *