ПРЕЗИДЕНТТІК ҚОЛДАУ: ШЫМКЕНТТІК 266 826 АЗАМАТҚА ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ТАҒАЙЫНДАЛҒАН

ПРЕЗИДЕНТТІК ҚОЛДАУ: ШЫМКЕНТТІК 266 826 АЗАМАТҚА ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ТАҒАЙЫНДАЛҒАН

slider
2020 жылғы 30 сәуір, сағат 9-дағы мәлімет бойынша Шымкент қаласынан төтенше жағдай кезеңінде әлеуметтік төлемді алу үшін арнайы портал, сайттардан 534 493 адамнан өтініш түскен.

Оның ішінде 266 826 адамға әлеуметтік төлем тағайындалған болса, 256 616 азаматтың өтініші бойынша оларға әлеуметтік төлем тағайындалмайтындығы анықталып, кері қайтарылған.

Әлеуметтік төлем тағайындалған 266 826 азаматтың ішінде 254 902 өтініштер бойынша, ал, 12 784-іне проактивті (атаулы әлеуметтік алушылар және бірыңғай жиынтық төлем жасаған азаматтар) түрде тағайындалды. Бүгінге дейін 265 552 азаматқа 42500 теңгеден әлеуметтік көмек карталарына аударылған.

Айта кетейік, кері қайтарылып, көмек тағайындалмаған өтініштер – бірнеше рет қайталанған, жұмыс істейтін азаматтардан, зейнеткерлерден, қайтыс болған азаматтар атынан түскен.

Шымкент қаласы төтенше жағдай жөніндегі штабы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *