Кентауда тақтайлар жиналған 6 цех отқа оранды
Кентауда тақтайлар жиналған 6 цех отқа оранды
Сағат 21: 08-де өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
16 маусымда сағат 14: 40-та Кентау қаласының Шорнақ ауылдық округіне қарасты Қосмезгіл ауылында жиһаз жасайтын жеке аумақтағы шеберхана өртенді, от өрт шыққан шеберханаға жапсарлас орналасқан, есік алдында кептіру үшін тізілген тақтайлары бар 5 цехқа ойысқан , — деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖМ баспасөз қызметі.
Өртті сөндіруге қатты жел мен аптап ыстық кедергі келтірген: «Қазгидромет» РМК ақпараты бойынша секундына 9-12 метр жылдамдықпен жел соғып, бұл күнгі ауа температурасы 33 градус аптап ыстық болған.
Сағат 21: 08-де өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің, кезекші кезекшілік-тергеу тобының, жергілікті атқарушы органдардың 138 адамнан және 34 техникадан тұратын күш өртті сөндіруге жұмылдырылды.
https://kaz.zakon.kz/5027872-kentauda-ta-taylar-zhinal-an-6-tseh-ot.html