Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин оқшаулануға кетті

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин оқшаулануға кетті

Қазір Мәжіліс төрағасы қашықтықтан жұмыс істеуде.


Сурет : Ж.Құспанов17 Маусым 2020, 09:38
Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин өзін өзі оқшаулауға кетіп қалды, деп хабарлады zakon.kz.

Мәжіліс спикері қатаң карантиндік шараларды сақтаған, соңғы айда қашықтықтан жұмыс істеген, пленарлық отырысты санамағанда ешкіммен тікелей жақын қатынаста болмаған. Нұрлан Нығматулин әрбір пленарлық отырыс алдында коронавирусқа тест тапсырып келген.

9 және 11 маусымда Денсаулық сақтау министрін қабылдаған болатын.

Елжан Біртановтан коронавирус анықталғаннан кейін Мәжіліс спикері 16 маусымда кезекті рет тест тапсырды. Өкінішке қарай, бұл жолғы тест оң нәтиже көрсетті. Алайда ауру белгілері байқалмайды.

Бекітілген тәртіпке сәйкес, Нұрлан Нығматулин оқшаулануға кету туралы шешім қабылдады.

Қазір Мәжіліс төрағасы қашықтықтан жұмыс істеуде.

17 маусымға жоспарланған Мәжілістің пленарлық отырысын оның орынбасары өткізеді.

https://kaz.zakon.kz/5027856-m-zh-l-s-t-ra-asy-n-rlan-ny-matulin-o.html

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *