Шымкенттегі опера және балет театры аумағында өрт шықты

Шымкенттегі опера және балет театры аумағында өрт шықты

 

Жазғы өрт қауіпті кезеңінде тұрмыстық немесе өндірістік керек емес заттар өрттің себебі болуы мүмкін. Сонымен 2020 жылғы 16 маусымда сағат 15:25-те «101» пультіне Абай ауданы, Асқаров көшесіндегі облыстық опера және балет театрының аумағында сәндік бұйымдар (кілем, жастықтар, баннер, ағаш баспалдақ) жанған. Өрттің жалпы көлемі 25 ш.м. құрады.

Өрт сағат 15:40-та оқшауланып, сағат 15:45-те толығымен сөндірілді. Өрт сөндірушілер 20 адамды қауіпсіз жерге көшірді. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Абай ауданы ТЖ бөлімінің және «Өрт сынақ зертханасының» қызметкерлері өрттің себептерін анықтауда.

Оқиға орнына 12 бірлік техника мен жеке құрамында 44 адам жұмылдырылды.

Шымкент қ.ТЖД ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *