ШЫМКЕНТ: ШАҒЫНАУДАНДАРДАҒЫ ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ

ШЫМКЕНТ: ШАҒЫНАУДАНДАРДАҒЫ ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ
Қаратау ауданындағы Ақжайық, Достық, Асар шағынаудандарындағы ішкі орам көшелері мен аудан аумағындағы саябақ, аллеяларды залалсыздандыру жұмысы атқарылды.
Дезинфекция жұмыстарына 7 техника мен 40 жұмысшы жұмылдырылған. Барлық дезинфекциялау жұмысы бекітілген кестеге сәйкес күнделікті қарқынды түрде коронавирусқа қарсы дәріленуде.
Айта кетейік, аудан аумағында 419 көпқабатты үй және 1000-ға жуық көше бар. Сонымен қатар, Қаратау ауданы әкімдігі тұрғындарды инфекция таралудың алдын алу үшін карантин тәртібін қатаң сақтауға шақырады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *