Түркістан облысының полицейлері ұялы телефонды жымқырған күдіктіні ұстады

Түркістан облысының полицейлері ұялы телефонды жымқырған күдіктіні ұстады

Авторы polisia.kz

Түркістан облысының полицейлері ұялы телефонды жымқырған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Келес аудандық полиция бөліміне жәбірленуші арызданып келген. Ол өзінің арызында құны 150 мың теңгені құрайтын “Iphone” маркалы ұялы телефонын күндізгі уақытта белгісіз адам үйінде ұйықтап жатқанын пайдаланып, жымқырып кеткенін көрсеткен. Осы ақпарат бойынша полиция қызметкерлері тез арада іздеу жұмыстарын бастап кетті. Куәгерлерден жауап алып, жақын аймақтарды мұқият тексерді. Бейнебақылау камераларын қарап шықты.

Осылайша, Келес АПБ қызметкерлерінің жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде осы қылмысты жасаған күдіктіні ұстады. Ол бұрын сотты болған, жергілікті тұрғын екені анықталды. Сондай-ақ, арызданушының туысы болып шықты.Ұры ұрланған ұялы телефонды жақын маңдағы дүкенге 30 мың теңгеге сатып жіберген. Ақшасын өз қажеттілігіне жаратқан.

Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. Бас шарасы міндеттемемен босатылды.

Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға ұрылардан барынша сақ болуға шақырады. Есік-терезелеріңізді мықтылап нығайтып, аулаларыңызға бейнебақылау камераларын орнатыңыздар.

polisia.kz/turkistan-oblysynyng-politsejleri-uyaly-telefondy-zhymqyrghan-kudiktini-ustady/

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *