Алматыдағы блок-бекетте зардап шеккен полиция қызметкері ауруханадан шыққалы жатыр
Алматыдағы блок-бекетте зардап шеккен полиция қызметкері ауруханадан шыққалы жатыр
Оның бүгін ауруханадан шығатыны хабарланды.
Алматы облысындағы блок-бекеттегі ойранда қатты жарақаттанып, ауруханаға түскен полиция қызметкері Ербұлан Сейдәзім үйіне шығуға дайындалып жатыр, деп хабарлады zakon.kz.
«15 маусымдағы науқастың жағдайы жақсарып, тұрақты қалыпта. Есін біледі, аяқ-қолы сау, сұраққа жауап бере алады. Уақытты, айналадағыны бағамдап, тани алады. Неврологиялық симптомдары ақырындап қайтты. Орташа астеновегетативті синдром әлі де сақталуда. Үйіне шығуға дайындалып жатыр» — делінген Денсаулық сақтау басқармасындағылар.
25 мамырда Алматы облысында бұрын полицей болып жұмыс істеген мас жүргізуші блок-бекетті көлігімен ойрандап, ішінде екі полиция қызметкері болған патрульдік көлікке соғылған. Салдарынан 42 жастағы полиция аға лейтенанты Жарас Жанғазиев оқиға орнында қайтыс болды. Оның 1994 жылғы әріптесі Дастан Әбдіқанов ауруханада қайтыс болды. Үшінші полиция қызметкері — 1994 жылғы туған Ербұлан Сейдәзім жансақтау бөлімінде жатқызылды. Оған нейрохирургтер ота жасады.
https://kaz.zakon.kz/5027617-almatyda-y-blok-bekette-zardap-shekken.html