ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА- 30 КІТАП ШАРАСЫ

ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА- 30 КІТАП ШАРАСЫ

Шымкентте «Бір ел-бір кітап» республикалық акциясы аясында «Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына -30 кітап» атты әдеби сағат өтті.

Іс- шараның мақсаты Президент ұсынған -30 әлем және қазақстандық авторлардың кітаптарын оқуға шақыру, қазақ әдебиетін кеңінен насихаттап, халықтың оқуға деген қызығушылығын арттыру, сонымен қатар жас ұрпақтың интеллектуалды және рухани дамуына үлес қосу.

Айта кету керек, елімізде республикалық «Бір ел-бір кітап» акциясы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында 2007 жылдан бері өткізіліп келеді. Биылғы жылы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, жалпыхалықтық оқуға «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына-30 кітап» рухани-мәдени акциясы ұсынылып отыр.
Ол жерде танымал қазақстандық авторлардың поэзия, проза, драматургия, балалар әдебиеті және аударма саласындағы 30 үздік туындысы таңдалды.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *