Біртановтың кесірі: Үкімет басшысы мен облыс әкімі өз-өзін оқшаулады

Біртановтың кесірі: Үкімет басшысы мен облыс әкімі өз-өзін оқшаулады

Елжан Біртановтың коронавирус жұқтырғаны туралы өткен жексенбіде таңертең белгілі болды. Одан кейін министрдің соның алдында ғана Үкімет басшысы Асқар Маминмен Жамбыл облысына жұмыс сапарына еріп барғаны анықталды.

Сурет : primeminister.kz15 Маусым 2020, 09:24

Коронавирус жұқтырған Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың жанында жүрген ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин мен Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев оқшауланып, үйінен жұмыс істеуге мәжбүр, деп хабарлады zakon.kz.

Айта кетсек, Елжан Біртановтың коронавирус жұқтырғаны туралы өткен жексенбіде таңертең белгілі болды. Одан кейін министрдің соның алдында ғана Үкімет басшысы Асқар Маминмен Жамбыл облысына жұмыс сапарына еріп барғаны анықталды. Алайда жұмыс сапары кезінде Біртановтың респираторлық маскамен жүргені хабарланды. Соған қарамастан ірі екі шенді коронавирусқа тест тапсырды. Екеуі де теріс нәтиже көрсетті. Соған қарамастан ҚР Премьер-министрі мен Жамбыл облысының әкімі өз-өзін оқшаулады.

COVID-19 бойынша Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың тесті оң нәтиже көрсетуіне байланысты Премьер-министр Асқар Мамин де тестілеуден өтті, нәтижесі — теріс, — деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.

Бүгіндері Премьер-министр бейнеконференция арқылы жұмысын жалғастыруда.

Сондай-ақ Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың 12 маусымда коронавирус диагнозы қойылған Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановпен бірге болғаны хабарланды.

Осы сапар алдында және сапардан кейін облыс әкімі тестілеуден өтті. Екеуінің де нәтижесі — теріс. Енді әкім қазір оқшаулануда, барлық іс-шаралар онлайн режимінде өтеді, — деді облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Айта кетсек, Үкімет басшысы өткен аптада Жамбыл облысында коронавирусқа қарсы вакцина жасап шығаруы тиіс зауыттың құрылысын бастап берген болатын.

https://kaz.zakon.kz/5027531-b-rtanovty-kes-r-k-met-basshysy-men.html

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *