Ұлттық ғылыми медициналық орталықтың 40 маманы коронавирус жұқтырды — Пірәлиева

Ұлттық ғылыми медициналық орталықтың 40 маманы коронавирус жұқтырды — Пірәлиева

Фото: ©REUTERSФото: ©REUTERS

Елордадағы ұлттық ғылыми медициналық орталығының 40 маманы коронавирус жұқтырған. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігері Жанна Пірәлиева айтты, деп хабарлайды деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, қазіргі таңда медициналық орталықтағы жағдай бақылауға алынған.

«Ұлттық ғылыми медициналық орталығында қызметкерлер арасында коронавирус жұқтырудың 40 дерегі тіркелді. Зерттеу профилактикалық мақсатта жүргізілді. Жағдайы ауыр науқастар тіркелген жоқ. Эпидемиологиялық шаралар жүргізіліп жатыр», — деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Сондай-ақ, Жанна Пірәлиева бүгінде індет жұқтырған медицина қызметкерлері үйдегі карантинде екенін атап өтті.

«40 маман үйдегі карантинде жатыр. Олардан індеттің симптомы байқалған жоқ», — деді Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігері.

https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/ulttyik-gyilyimi-meditsinalyik-ortalyiktyin-40-mamanyi-309458/

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *