ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «НҰРЛЫ ЖЕР» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР
2017 жылдан бері іске асырылып жатқан «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы мен 2018 жылғы шілдеде басталған «7 – 20 – 25» ипотекалық бағдарламасы бір-бірін толықтырып, азаматтардың баспаналы болуын жеделдетуді көздейді.
ҚР Үкіметінің 22.06.2018 жылғы № 372 қаулысымен бекітілген «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы аясында ағымдағы жылы Түркістан облысы үшін тұрғын үйді пайдалануға тапсыру жоспары 344,7 мың шаршы метр болып белгіленген. 2018 жылдың 6 айдың қорытындысы бойынша 202,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 30 пайызға артқан.
Түркістан облысында сатып алу құқығынсыз арендалық тұрғын үй қорын құру бойынша ағымдағы жылы мемлекеттік бюджет есебінен 2449 пәтерлі 73 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Биыл оның 500 пәтері, яғни 35 тұрғын үй пайдалануға беріледі деп мәлімдейді Түркістан облысының әкімінің баспасөз қызметі. Бұдан өзге, тұрғын үй құрылысы аудандарында инженерлік коммуникацияларды жайластыру бойынша 2018 жылы облыста мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен 9 нысанның құрылысы жүргізілген.
Облыста 2018 жылы қаржыландырудың барлық көздері арқылы 79 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Жыл қорытындысымен 35 үй пайдалануға беріледі. Қазіргі таңда жоспар 6 айдың қорытындысы бойынша 117,8 пайыз орындалған.
Ескертеміз: бұл ақпарат «inform.kz» ақпараттық сайтынан алынды.