Шымкенттік шенеунік әйелдер туралы жазбасынан кейін қызметінен кетті

Шымкенттік шенеунік әйелдер туралы жазбасынан кейін қызметінен кетті

Шымкент қалалық Жастар рерурстық орталығы басшысының орынбасары Данияр Алан Telegram-каналындағы әйелдер туралы жазбасынан кейін қызметінен кетті, — деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісі.

«Оны жұмыстан ешкім қуған жоқ. Атышулы жағдайдан соң өз еркімен жұмыстан кетті. Байқау аясында жаңа орынбасар тағайындалады», — деді Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Еске салайық, осыған дейін әлеуметітк желілерде Жастар рерурстық орталығы басшысының орынбасары  Данияр Аланның жазбасы тарап, халық арасында наразылық тудырған еді. Кейінірек Шымкент әкімдігінің өкілдері осы жағдайға қатысты пікір білдірген болатын.

Сондай-ақ, Шымкент қалалық Жастар рерурстық орталығы қысқа белдемше киген қыздың видеосын жариялап, сынға қалған еді.

Желіде қызу талқыланған видеода қысқа қара түсті белдемше киген қыздың такси ұстап тұрғаны түсірілген болатын. Сол сәтте қыздың жанына қара түсті Mercedes келіп, ондағы жүргізуші қызға көлікке отыруды сұрайды. Жол-жөнекей ер адамның оны үстіндегі киіміне қарап, жезөкше деп ойлап қалғаны көрсетіледі. Көлік жүргізушісі көлік есігін құлыптап, қызға ақылын айтады. Бұл әрекеті желі қолданушыларының сынына ұшыраған еді.

https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/shyimkenttk-sheneunk-ayelder-turalyi-jazbasyinan-keyn-309417/

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *