Шымкентте сәулет басқармасының басшысы бюджет қаржысын жымқырды деп айыпталуда

Шымкентте сәулет басқармасының басшысы бюджет қаржысын жымқырды деп айыпталуда

Шымкентте сәулет басқармасының басшысы бюджет қаржысын жымқырды деп айыпталуда

Бюджет ақшасын жымқырды деген күдік бойынша Шымкент қаласының сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы ұсталды, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

Шымкенттегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі қазір іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Хабарланып отырғандай, күдікті 2019 жылдың тамыз айынан бастап мердігермен сөз байласып, ірі көлемдегі ақшаны жымқырған.

Мердігермен мемлекеттік сатып алу бойынша келісімге келіп, сәулет және қала құрылысы саласындағы жарамсыз топографиялық түсірілім үшін қаражат аударған.

«Осы жылдың 9 маусымында басқарма басшысы ұсталып, уақытша оқшаулағышқа қамалды. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр», — деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінен.

 

https://www.inform.kz/kz/shymkentte-saulet-baskarmasynyn-basshysy-byudzhet-karzhysyn-zhymkyrdy-dep-ayyptaluda_a3660520

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *