ҰЛЫ ДАЛА ТӨСІНДЕ АҚБӨКЕН САНЫ АРТТЫ

Қазақ даласында ақбөкеннің саны 55 пайызға өсіп, 334 мыңға жетті

Қазақ даласында ақбөкеннің саны 55  пайызға өсіп, 334 мыңға жетті

Қазақ даласында ақбөкеннің саны 55 пайызға артып, 334 мыңға жетті.

Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев мәлім етті, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

«Жануарлар дүниесі саласында жыл сайын сирек кездесетін тұяқты жануарлар мен ақбөкен саны артып келеді. Ақбөкеннің популяциясы 334 мыңға жетіп, өсім 55 пайызды құрады. Біз осы динамиканы сақтау үшін бар күш-жігерімізді саламыз», — деді Мағзұм Мырзағалиев ОКҚ өткен халыққа есеп беру кездесуінде.

Алайда министр браконьерліктің еңсерілмей келе жатқанын мойындады.

«Мемлекет басшысы браконьерлікпен күрес мәселесіне ерекше мән беруде. Министрлік Ішкі істер министрлігі, Бас прокуратурамен бірлесіп 2019 жылы браконьерлік үшін жауапкершілікті күшейту бойынша қолданыстағы қылмыстық заңнамаға түзетулер енгізді. Қылмыстық кодекске табиғатты қорғау инспекторлары мен қорықшылардың өмірі мен денсаулығына қол сұғушылық үшін қатаң жаза қарастыратын жеке бап енгіздік. Инспекторлардың ауыр еңбегін сезіне отырып, Президенттің тапсырмасына сәйкес инспектор мәртебесін көтеруді көздеп отырмыз», — деді ол.

Мағзұм Мырзағалиев осылайша, браконьерлікпен күресу үшін қазіргі заманғы құралдармен инспекцияларымызды қамтамасыз ететін жаңа нормативтер (арнайы техника, төс камералары, бронежелеттер) әзірленгенін жеткізді.

https://www.inform.kz/kz/kazak-dalasynda-akbokennin-sany-55-payyzga-osip-334-mynga-zhetti_a3660160

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *