Ташкент әлемдегі арзан қалалар бестігіне кірді
Ташкент әлемдегі арзан қалалар бестігіне кірді
Әлемдегі ең қымбат қала — Гонконг.
Халықаралық Mercer консалтинг компаниясының Cost of Living Survey зерттеуі бойынша, Ашғабад әлемдегі ең қымбат екінші қала атанды, деп хабарлады zakon.kz centralasian.org-ке сілтеме жасап..
9 маусымда жарияланған есепте Өзбекстан астанасы әлемдегі ең арзан бес қаланың бірі екені айтылған. Бұл тізімге Ташкенттен бөлек Карачи, Бішкек, Виндхук (Намибия) және Тунис қалалары кірген.
Әлемдегі ең қымбат қала — Гонконг. Екінші орында Ашғабад тұр. Түркіменстан астанасы Токио, Цюрих, Сингапур және Нью-Йорктен де қымбат деп аталды.
Сауалнама ірі қалалаларда жұмыс істейтін шетел мамандары арасында жүргізілген. Зерттеуде валюта бағамы, тауар мен қызмет құны, инфляция деңгейі және пәтерді жалға алу ақысы ескерілген.
https://kaz.zakon.kz/5026886-tashkent-lemdeg-arzan-alalar-best-g-ne.html