ШЫМКЕНТ: БЕКЖАН БАЗАРДАН ӨРТ ШЫҚТЫ
БЕКЖАН БАЗАРДАН ӨРТ ШЫҚТЫ
Бүгін, ағымдағы жылдың 9 маусымы сағат 15:13 шамасында Темірлан тас жолындағы «Бекжан» базарының алдында автокөлік тұрағында орналасқан аяқ-киім дүңгіршектері жанып жатқаны белгілі болды.

Өртті сөндіруге ТЖД-ның 70 өрт сөндірушісі мен 24 дана арнайы техникасы жұмылдырылды.

Жалын 280 шаршы метр аумақты шарпыған.Аталған оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.

Тілсіз жау сағат 15:43 шамасында сөндірілді. Қазіргі таңда өрттің шығу салдары анықталуда,деп хабарлады төтеншеліктер.

