ШЫМКЕНТТЕ ТАУАРЛАР МЕН ҚЫЗМЕТ САПАСЫН БАҚЫЛАУ БОЙЫНША ЖИЫН ӨТТІ

ШЫМКЕНТТЕ ТАУАРЛАР МЕН ҚЫЗМЕТ САПАСЫН БАҚЫЛАУ БОЙЫНША ЖИЫН ӨТТІ

Үшінші мегаполисте тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті 2019 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысымен алқа отырысын өткізді.

Департамент басшысы Ә.Қ.Төлебаев төрағалық еткен алқа отырысына департамент басшының орынбасарлары және қызметкерлері, аумақтық басқармалардың басшылары мен мамандары, алқа мүшелері – ұлттық сараптама орталығының Түркістан облысы бойынша филиалының директоры және Шымкент қалалық бөлімше бастығы, Түркістан облысы бойынша залалсыздандыру орталығының директоры және орынбасары қатысты.

Жиында халыққа қызмет көрсетуді үйлестіру, инфекциялық, паразитарлық ауруларды, туберкулезді, аса қауіпті және ауруханаішілік инфекцияларды, сонымен қатар медициналық ұйымдарды эпидемиологиялық бақылау жұмыстары мәселелері қаралды.

Сондай-ақ жұмыс орындарында және коммуналды мақсаттағы объектілерде, қоғамдық тамақтану орындарында, балалар және жасөспірімдер арасында жұқпалы емес ауруларды бақылау және қадағалау жұмыстары талқыланды.

Аталған тақырыптар бойынша баянда жасалған соң алқа төрағасы және қатысушы мамандар тарапынан сұрақтар қойылып, өзекті мәселелер және оларды шешу жолдары, сонымен қатар 2020 жылы алға қойылған мақсаттар мен міндеттер талқыға салынды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *