Шымкенттегі жылу орталығы қайта есептеу бойынша тұрғындарға 26 млн-ға жуық теңге қайтарады
Шымкенттегі жылу орталығы қайта есептеу бойынша тұрғындарға 26 млн-ға жуық теңге қайтарады
Өткен жылыту маусымы үшін Шымкент қаласының тұтынушыларына 26 млн-ға жуық теңге кері қайтарылады, деп хабарлады ҚазАқпарат
ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетіне сілтеме жасап.
«Табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес, табиғи монополия субъектілері сырттағы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жылу энергиясымен жабдықтау бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтің құнын тұтынушыларға тікелей не тұтынушының тұрған жерін анықтау мүмкін болмаған жағдайда жылу энергиясымен жабдықтау бойынша реттеліп көрсетілетін қызметке ақы төлеу кезінде тарифті төмендету арқылы қайта есептеуді жүргізу мiндеттелген», делінген хабарламада.
ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті жылумен қамтамасыз етуші «Қуатжылуорталық-3» кәсіпорнымен бірлесіп, сыртқы нақты температураны ескере отырып, өткен жылыту маусымына тұрғындарға қаражатты қайтару бойынша қайта есептеу жүргізді.
Шымкентте орташа айлық температура параметрі 1,4 градус болса, Гидрометеорология орталығының мәліметі бойынша 3,7 градус болған.
Осыған байланысты, қолданыстағы заңнамаға сәйкес «Қуатжылуорталық-3» МКК қайта есептеу жүргізуге міндетті. Жылуды есептеу құралы жоқ және орталықтандырылған жылумен жабдықтау қызметін пайдаланушы тұтынушыларға қайтарылатын сома 25,8 млн теңге немесе қалыптағы үйлерге әр шаршы метрі 9,93 теңге және тозығы жеткен үйлерге әр шаршы метрі 12,2 теңгеден келеді.