ЕҢ АРЗАН БЕТПЕРДЕ ШЫМКЕНТТЕГІ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САТЫЛАДЫ . МАСКА 50 ТЕҢГЕ

ШЫМКЕНТТЕГІ АВТОБУСТАРДА  БЕТПЕРДЕ 50 ТЕҢГЕДЕН САТЫЛАДЫ

 

 

 Жолаушылар үшін тасымалдаушы компанияларға медициналық маскалар таратылған. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов мәлімдеді. Оның айтуынша, қоғамдық көлік жүргізушілеріне құны 35 теңгеден бетперделер берілген. Оны автобусқа маскасыз мінген тұрғындарға 50 теңгеге дейін шектік бағада сатуға рұқсат етілген, деп хабарлады «Оңтүстік» тетеарнасы .

  Эпидемиологиялық ахуалға байланысты қаладағы қоғамдық көліктердің санитарлық нормаларға сай келуін бақылайтын 11 мониторингтік топ жұмыс істеуде. Нәтижесінде талапқа сай жұмыс істемейтін тасымалдаушы компания өкілдерімен келісімшартты бұзған 3 жағдай тіркелген. Бұл ретте тасымалдаушы компанияларға арзан бағада бетперделер де берілген. Егер жолаушы маскасын ұмытып кеткен жағдайда көлік жүргізушісінен сатып ала алады. Бағасы 50 теңгеден аспауы тиіс, – деді Мақсұт Пернебайұлы.

https://shymkenttv.kz/kz/news/society_public/avtobusta-betperde-50-tengeden-satylady

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *