САҚТЫҚ ТА ҚОРЛЫҚ ЖОҚ !

ШЫМКЕНТ: ТЖ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІН ЕСКЕ САЛДЫ

Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері алдын алу-түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда. Құтқарушылар жеке үй секторында болып, өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелері, өрттің пайда болу қаупі мен негізгі себептері, табиғи және улы газдардың қауіптілігі туралы еске салды. Рейд барысында инспекторлар балаларды қараусыз қалдырмау және сіріңкемен ойынның соңы соқтыруы мүмкін қауіптер туралы айтып берді.

Жалпы, қала бойынша 7 қаңтар күні 6 жиын өтіп, онда 375 адам қамтылды. Мамандар 2 мыңнан астам ауланы аралап, 1627 жадынама тараптты.

Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті қала тұрғындары мен қонақтарына өрт қауіпсіздігі ережелері мен отты пайдалану ережелерін сақтау қажеттігі туралы ескертеді. Өрт шыққан жағдайда дереу құтқару қызметіне «112» немесе «101»телефондары арқылы хабарлаңыз.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *