«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы қайта құрылымдалғалы жатыр
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы қайта құрылымдалғалы жатыр
Бұған дейін компанияның IPO-сын жүргізу ісі кейінге шегерілген еді.
Сурет : видеодан алынды5 Маусым 2020, 09:47
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен кеңесте «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Алик Айдарбаев «ҚазТрансГаз» және «ҚазТрансОйл» АҚ-ты «Самұрық-Қазынаның» еншілес компаниясы етуді ұсынды, деп хабарлады zakon.kz.
Мен «ҚазМұнайГаз» АҚ-тан «ҚазТрансГаз» мен «ҚазТрансОйлды» бөлек алып шығып, оны «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорына еншілес ұйымдар ретінде қосу арқылы компанияны қайта құрылымдау туралы ұсыныстарды қолдаймын. Бұл «ҚазМұнайГазға» өзінің негізгі жұмысытары — барлауға, өндіруге және мұнай өңдеуге барынша назар бұруға мүмкіндік береді. Ал көлік компаниялары — көлік бағыттарын әртараптандыруды дамыту бойынша қолға алынады, — деді Н.Назарбаев.
Елбасы Үкіметке және Қорға осы мәселелерді тез қарастырып, шешуді тапсырды.
https://kaz.zakon.kz/5026059-azm-naygaz-ltty-kompaniyasy-ayta.html