Коронавирус кезінде саяхаттауға болатын елдердің тізімі шықты

Коронавирус кезінде саяхаттауға болатын елдердің тізімі шықты

 

© onetwotrip.com© onetwotrip.com

Желіде коронавирус кезінде саяхаттауға болатын елдердің тізімі пайда болды, — деп хабарлайды The Sun.

Бұл тізімге елдер коронавирус жұқтырғандар саны аз болғандықтан енген. Оның ішінде Барбадос — COVID-19 жұқтырғандардың жалпы саны 92, Багам аралдары — барлығы 102 адам, Мэн аралы — 336 адам, Норманд аралдары — 561 адам, Мальта — 625 адам және Кипр — 958 адам.

Басылым мәліметінше, аталған елдер дер кезінде коронавирусқа қарсы шара қабылдағандықтан аурудың алдын алған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, 8 маусымдағы жағдай бойынша, коронавирус жұқтырғандардың саны 6 799 миллионнан асқан, сондай-ақ 397,3 адам қайтыс болған.

https://kaz.tengrinews.kz/world_news/koronavirus-keznde-sayahattauga-bolatyin-elderdn-tzm-309300/

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *