ШЫМКЕНТ: АРНАЙЫ ӘСКЕРИ ЖИЫНҒА ШАҚЫРЫЛҒАНДАР ДЕЗИНФЕКЦИЯ ЖҰМЫСТАРЫН БАСТАДЫ
ШЫМКЕНТ: АРНАЙЫ ӘСКЕРИ ЖИЫНҒА ШАҚЫРЫЛҒАНДАР ДЕЗИНФЕКЦИЯ ЖҰМЫСТАРЫН БАСТАДЫ
Бүгін Шымкент қаласында арнайы әскери жиынға шақырылғандар бір тобы Қаратау ауданы, «Астана» шағынауданындағы көпқабатты үйлер мен ойын алаңдарын және аяқжолдар мен аумақты толық залалсыздандыру жұмыстарына кірісті.
Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау аудандарының әрқайсына 25-тен тең бөлінген сарбаздар өзге де қызметтермен қатар, 14 мамырға дейін қала аумағында жүргізілетін дезинфекциялау іс-шараларын атқаратын болады.
Салалық құрылымдар мен жергілікті атқарушы органдар сарбаздардың күнделікті тасымалы мен ас-ауқатын ұйымдастырып, олардың толыққанды жұмыс істеуіне жағдай жасайды.
Әскерилердің айтуынша, арнайы жиынға шақырылған әскери міндеттілер күнделікті таңғы сағат 09.00-мен кешкі 18.00 аралығында жоспарлы жұмыс істеп, сенбі-жексенбі күні демалмақ.
Айта кетейік, ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың әскери міндеттілерді арнайы жиынға шақыру туралы Жарлығына сәйкес әскери жиынға алынған сарбаздардың айлық жалақысы сақталатын болады.
Шымкент қаласының төтенше жағдай жөніндегі штабы