ШЫМКЕНТТЕ КАРАНТИН ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

ШЫМКЕНТТЕ КАРАНТИН ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

Шымкентте COVID-19 вирусын жұқтырған  науқас санының  көрсеткіш деңгейі 91,1 пайызды құрап отыр. Бұл 100 мың тұрғынға шаққандағы деңгей. Қаланың бас санитары карантин талаптарын қатаңдатып, тәртіптен аспауға шақырды.  Себебі, осылай жалғаса берсе аты жаман індеттің кеңінен етек жайуына алып келмек.

Бүгінгі күнге дейін миллиондар қаласы мегаполисімізде 962 жағдай тіркелді. Оның 22-сі жүк тасымалымен айналысатын жүргізуші мен жолаушысы және өзге елден келген отандасымыз. 397 – сі  жергілікті тұрғындар. Ал, 543 науқас олармен қарым-қатынаста болғандар екен. Үйінде өзгеден оқшаулып, медициналық бақылауға алынған ағайынның жалпы саны 4 мың 496-ны құрап еді. Қазір оның 2 мың 861 – нен тест сынамасы теріс нәтиже көрсетіп, карантиннен алынды.Шымкент қалалық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы   Әбдіманап Төлебаев .

  Ал, аты жаман індетке шалдығып, стационарда тиісті ем қабылдап сауыққан ағайынның саны —  397. Өкінішке орай 10 науқас қайтыс болды. Медициналық мамандардан тұрақты емін қабылдап жатқан әлі 555 науқасымыз бар. Бас санитар осыған байланысты, тұрғындардан карантиндік іс-шараларды сақтауға, талаптарды қолдауға шақырады. Бетперде тағу, жеке бас гигиенасын сақтау, адамдар көп жиналатын жерлерге бармау, жаппай жұқтыруға әкелуі мүмкін екенін қайталап еске салады. Шымкент қалалық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы   Әбдіманап Төлебаев .

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *