Түркістан облысындағы мектепте ежіктеп оқитын мұғалім сабақ береді

Түркістан облысындағы мектепте ежіктеп оқитын мұғалім сабақ береді

Фото: © otyrar.kz
Фото: © otyrar.kz

Сарыағаш ауданындағы мектептердің бірінде орыс тілін пәнді меңгермеген, сонымен қатар ежіктеп оқитын мұғалім оқытады. Бұл туралы «Отырар» телекомпаниясының сюжетінде айтылған, — деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісі.

Тілшілердің мәліметі бойынша, мұғалім Ынтымақ ауылындағы мектепте орыс тілі пәнінен 1 наурызға дейін сабақ беріп, кейін жүктілігіне байланысты демалысқа шыққан.

Мектепте барлық кадрлық мәселені директор немесе аудан шешетініне сендірсе, ауданда мектеп мұғалімдері үшін барлық жауапкершілік директорларға жүктелгені айтылған. Олардың айтуынша, тек директор мұғалімді жұмысқа қабылдау немесе қабылдамау туралы шешім шығарады.

Бастапқыда, егер мектепте бос жұмыс орны болса, ол порталда жарияланады. Осыдан кейін барлық тілек білдіруші өтініш беріп, тестілеуден өте алады. Егер тестілеуден өтсе, ол адаммен сұқбат жүргізіледі, оның қорытындысы бойынша комиссия мүшелері мұғалімді жұмысқа қабылдау немесе қабылдамау туралы шешім шығарады. Комиссия төрағасы — мектеп директоры, комиссия мүшелері — қоғам белсенділері, ата-ана комитетінің өкілі, БАҚ қызметкерлері.

«Отырар» телекомпаниясы сюжетіне сүйенсек, мұғалім тестілеуден өтіп, шекті 50 балды әрең жинаған. Алайда тілшілерді оның «орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша жоғары білімі бар екеніне сендірген.

https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/turkstan-oblyisyindagyi-mektepte-ejktep-okityin-mugalm-sabak-322053/

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *