ТҮРКІСТАН. САНИТАРЛЫҚ БҰҒАТТАУ БЕКЕТІНДЕ ҚАЛТҚЫСЫЗ ҚЫЗМЕТ ЕТКЕН ПОИЦЕЙЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ.

ТҮРКІСТАН. САНИТАРЛЫҚ БҰҒАТТАУ БЕКЕТІНДЕ ҚАЛТҚЫСЫЗ ҚЫЗМЕТ ЕТКЕН ПОЛИЦЕЙЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ.

Түркістан облыстық полиция департаментінің бастығы, Полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбековтың   арнайы «Алғыс хатымен» бірқатар қызметкерлер   марапатталды.

 

 Полиция полковнигі Асылжан Қалдарбеков полицейлерді марапаттау үшін арнайы Түркістан-Қызылорда тас жолы бойындағы Сауран блок-бекетіне барды. Онда облыс аумағында коронавирус індетінің таралу жолдарының алдын алу және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз еткен полицейлермен тілдесті. Азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында күшейтілген режимде қызметтік міндеттерін адал атқарғандарыды марапаттады.

Түркістан

  Жайсыз жағдайға байланысты біздің ҚР төнген қауіп-қатерге барлығымыз жұмылдырылып қызметке түстік. Барлық күн-түн демей жұмыс жасаған қызметкерлердің арқасында нәтижені көргенімізге қуаныштымыз. Түркістан облысы полиция департаментінің басшылары жұмылдырылған қызметкерлерді марапаттап жатыр. Барлығына да рақмет. Отбасымызға оралып, бұрынғыдай қызметімізді атқарамыз, дейді    Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі     Асылжан Қалдарбеков

«Осы 2 айдан астам уақыт ішінде күні-түні қызмет атқардық. Күшейтілген режимде жұмыс істеу оңай емес. Дегенмен тұрғындардың амандығы, қоғамдық қауіпсіздіктің сақталуы жолында шаршамаймыз. Бұл біздің міндетіміз екенін түсіне отырып, мінсіз қызмет атқаруға барымызды салдық. Сол себепті біздің еңбегімізді елеп-ескеріп, марапаттап отырғандарыңызға рахмет. Одан бөлек осы 2 ай блок-бекетте атқарған қызметіміз үшін қосымша сыйақыда берілді. Барлығы үшін Министрлікке, ПД басшылығына ризамыз»Түркістан облысы ПД ЖПҚ ППБ инспекторы полиция лейтенанты Нұрбол Кужимов .

  Түркістан облысында төтенше жағдай жарияланғаннан бастап 100-ге жуық блок-бекеттер қойылған болатын. Онда 1500-ге жуық тәртіп сақшылары қызмет етті. Төтенше жағдай тоқтатылғаннан кейін облыста 8 блок-бекет қалған болатын. Сонымен қатар, коронавирусқа қарсы ұйымдастырылған іс-шараларға жұмылдырылған 1409 қызметкер ақшалай сыйақымен қамтамасыз етілген.

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *