Тоқаев: Ресей мен Беларусь одағына кіру біздің жоспарымызда жоқ
Тоқаев: Ресей мен Беларусь одағына кіру біздің жоспарымызда жоқ
Сонымен бірге, Мемлекет басшысы Қазақстан үшін ЕАЭО-ның аясындағы экономикалық одақ ретіндегі әлеуетін нығайту әлдеқайда маңыздырақ екенін атап өтті.
Ресей мен Беларуссияның одағына кіру біздің жоспарымызда жоқ. Басты басымдық — бұл ұйым шеңберіндегі интеграцияны одан әрі дамыту, — деді ол.
Сонымен бірге, Мемлекет басшысы Қазақстан үшін ЕАЭО-ның аясындағы экономикалық одақ ретіндегі әлеуетін нығайту әлдеқайда маңыздырақ екенін атап өтті.
2025 жылға қарай ортақ энергетикалық және қаржылық нарықтар қалыптасады. Мұнда цифрлы бағыттағы өзара іс-қимыл перспективалық бағыт болып табылады, — дейді Президент.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан азаматтары үшін Ресей — «ең жақын мемлекет және болашақта да солай болып қала береді» деп атап өтті.
https://kaz.zakon.kz/5025622-to-aev-resey-men-belarus-oda-yna-k-ru-b.html